Соңғы 10 жыл ішінде елімізде отбасылар саны 1,5 млн-ға дейін өскен
- авторjambylinfo.kz
- 3 қыркүйек, 2024
- 561
ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов 2021 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша отбасылар саны 5 578 947 құрағанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Евгений Кочетовтың айтуынша, ажырасу санының төмендеуі байқалады: соңғы 5 жылда 48,6%-ға азайған. Сауалнама нәтижелері бойынша қазақстандықтардың 95,4% отбасылық қарым-қатынасқа қанағаттанады. Қазақстандық отбасылардың басты құндылықтары: бір-біріне қамқорлық жасау, өзара сыйластық, қолдау көрсету, махаббат және балалар.
Сонымен қатар, әкелердің бала тәрбиесіне қатысуы артқан. Балаларды тәрбиелеу кезінде отбасылар көбінесе еңбекқорлық, адалдық, үлкендерді құрметтеу, өзін-өзі құрметтеу, басқаларды құрметтеу сияқты қасиеттерге назар аударады.
- «2009 жылғы санақ деректеріне сәйкес республикадағы отбасылар саны 4 022 388 құрады. Осылайша, бұл көрсеткіш 10 жыл ішінде 1,5 млн-нан астам өсті», - деді спикер.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз