сейсенбі, 13 қаңтар, 2026 13:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленуде – Жаслан Мәдиев

Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленуде – Жаслан Мәдиев
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Ол Мемлекет басшысының су секторын цифрландыру жөніндегі тапсырмалары шеңберінде негізгі жоба – Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Қазақстанда суды басқарудың бірыңғай цифрлық кеңістігі қалыптасуда. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

- Ақпараттық жүйе электрондық үкімет, ведомствоаралық интеграция және ақпараттық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес әзірленуде. Қазіргі кезде базалық функциялар жүзеге асырылып жатыр, аналитика мен болжау функциялары енгізілуде. 11 мемлекеттік ақпараттық жүйені интеграциялау есебінен суды басқарудың бірыңғай цифрлық кеңістігі қалыптасады, бұл деректердің дұрыстығын арттыратын болады, — деп түсіндірді Жаслан Мәдиев.

Министр перспективалық жобалардың тағы бірі – электрондық шарттар жасасу және су тұтынуды болжау жүйесі екенін айтты. Қазіргі таңда бұл жүйе пилоттық режимде жұмыс істейді, ал өнеркәсіптік пайдалануға беру осы жылдың соңына дейін деп жоспарлануда. Азаматтарға пайдалану ыңғайлы болу үшін Egov mobile, екінші деңгейлі және 1С банктермен интеграциялауды жоспарлап отырмыз.

Осы жылы 103 суару каналын автоматтандыру басталады. Оңтүстік өңірлерде – Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында – бекітпелерді басқару көзделген. Ислам даму банкінің қолдауымен тағы 264 каналды цифрландыру жоспарлануда. Суды жоспарлау және басқаруға арналған бағдарламалық қамтылым қарастырылып отыр. Қашықтан басқару пульті аралар тексеруді алмастырады және 24/7 судың таралуын автоматты бақылауды қамтамасыз етеді.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар