Пхукетте қазақстандықтар отырған қайық суға батып кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 11:15
- 60
Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Қайықта Қазақстанның 8 азаматы болған. Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда ҚР-ның 3 азаматы дәрігерлердің бақылауымен ауруханада жатыр, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Шығындар сақтандыру компаниясы арқылы өтелуде. Консул азаматтармен үнемі байланыста болып, қажетті қолдау көрсетуде», – деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Таиланд туристік полициясының дерегінше, Андаман теңізінде апатқа ұшыраған қайықта барлығы 55 адам болған. Оның 52-сі турист, ал 3-еуі экипаж мүшелері. Қайықта Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Польша және Ұлыбританиядан келген туристер де болған. Жалпы бортта 33 Ресей азаматы, 4 Өзбекстан азаматы және 2 Қырғызстан азаматы болған.
Пхукеттегі Ресей Федерациясының Бас консулдығының хабарлауынша, апат салдарынан 18 жастағы ресейлік қыз қаза тапқан.
Ұқсас жаңалықтар
2025 жылы елімізде 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 қаңтар, 2026




