Елімізде
Су тасқыны: Оралда Жайық өзенінің деңгейі 858 сантиметрге жетті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 сәуір, 2024
- 541
Алпыстан астам адам эвакуацияланды
Орал қаласындағы Жайық өзенінде су деңгейі 8 сантиметрге көтеріліп, 858 сантиметрге жетті, деп хабарлайды jambylinfo.kz төтенше жағдай министрлігіне сілтеп
ТЖМ күштері және құралдары Батыс Қазақстан облысында тәулік бойы жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін құтқарушылар бөгеттер тұрғызып, оны нығайту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар уақытша топырақ үйінділері жабдықталды.
Іздестіру-құтқару жұмысы барысында Орал қаласының маңындағы су басқан аймақтардан ТЖМ күшімен саяжайдың алпыстан астам тұрғыны металл қайықпен эвакуацияланған