сенбі, 2 қараша, 2024 0:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Су тасқынынан қырылған малға өтемақы қалай төленеді?

Су тасқынынан қырылған малға өтемақы қалай төленеді?
Сурет www.uralskweek.kz сайтынан алынды
Су басқан аумақтардан 60,0 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге айдалған

Ең соңғы  жедел деректер бойынша республиканың жеті өңірінде су тасқыны салдарынан 5 711 мал басы қырылған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тлебалдин мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Соның ішінде, 1 137 ірі қара мал, 4 051 ұсақ мал, 457 жылқы бар.

«Алғашқы күндерден бастап, су басқан аумақтардағы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу мақсатында Министрліктің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды облыс әкімдіктерімен бірлесіп шығын болған жануарлар өлекселерін жинау және жою жұмыстарын жүргізуде. Жалпы іс-шараларды жүргізу үшін тиісті 90 бірлік техника, қызметкерлер штаты және жою шаралары үшін қажетті дезинфекциялық заттар бар. Бүгінгі таңда 1013 бас, соның ішінде 133 ірі қара, 809 ұсақ мал және 64 жылқының өлексесі өртеліп жойылды», - деп хабарлады ол.

Ауыл шаруашылығы министрі, жетекшілік ететін вице-министр және Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің басшысы су басқан аумақтарға барды. Ал қазіргі уақытта АШМ құрылымдық бөлімшелері ауыл шаруашылығы бағытында жұмысты үйлестіру үшін су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда жүр.

«Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақы төлеуге қатысты: сәйкес алгоритм әзірленді, халыққа және залал анықтау жөніндегі комиссияның назарына жеткізіледі», - деп хабарлады ол.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар