Қоғам
Бишімбаев марқұм әйелі Салтанатты намазға жығылуға күштеген бе?
- авторИндира Тәліпқызы
- 8 сәуір, 2024
- 1.6k
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі онлайн форматта жалғасып жатыр. Бүгін Бишімбаевтың қорғаушылары Нүкенованың күнделігінде жазылған өтініш хатты оқып берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бишімбаевтың адвокаттары оқып берген жазбаға сенсек, бұл күнделіктегі жазба Салтанаттың "арызы" болып саналады және онда Салтанат Нүкенованың азаматтық некедегі күйеуі Қуандық Бишімбаевтің қалауын орындау үшін үлгілі әйел болуға бар күшін салатынын жазған.
«Мен сүйікті күйеуім Қуандық үшін өзгеремін. Психологқа барамын. Оның қалауындай өмір сүремін. Өзі қалағандай онымен бірге намаз оқып, тура жолда жүремін. Мен Қуандыққа бәрі үшін алғыс айтамын және оның бақытты болу үшін бәрін жасаймын», - деп жазылған хатта.
Бишімбаевтың қорғаушылары бұл хатты сараптамаға жіберуді өтінгенімен, сот Айжан Күлбаева марқұмның бұл блокноты іске қатысы жоқ екенін айтып, оны іске араластырудан бас тартты.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Қоғам
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024