жексенбі, 26 мамыр, 2024 14:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мадина Сәдуақасова су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млн теңге көмек берді

Мадина Сәдуақасова су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млн теңге көмек берді
Сурет ашық дереккөзден алынды
Эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мадина Садуақасова тасқын судан зардап шеккендерге өз отбасының атынан 1 миллион теңге қаржылай көмек аударды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Сонымен қатар, Сәдуақасова қаржылай көмек әлі де жалғасатынын мәлім етті. Әнші гуманитарлық, қаржылай көмек көрсетіп жатқан жандарға алғыс айтты.

"Елімізде бұндай табиғи апат бұрын-соңды болмаған. Бұндай қиын кезеңдерде бір-бірімізге қол ұшын беріп, демеу болайық. Суға кеткен өңірлерде құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан азаматтарға мың алғыс! Біздің отбасы да өз үлесін қосып, 1.000.000 т  аудардық.! Бұл тек бастамасы, қолымнан келгенше, әлде де көмек беруді тоқтатпаймын, жалғастырамын",  - деп жазды әнші.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар