Елімізде
Су заңнамасын бұзған шаруадан пара алған шенеунік сотталды
- авторМағжан Орынбасар
- 5 желтоқсан, 2024
- 459
Ол кооператив төрағасынан 1,1 млн теңге сомасында пара алған
«Тобыл-Торғай су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы» РММ мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Рудный қалалық соты «Тобыл – Торғай су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы» РММ мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы С. Мұқашевке қатысты үкім шығарды.
- Ол жоспарлы тексеру шеңберінде су заңнамасын бұзушылықтарды анықтау бойынша шаралар қолданбағаны үшін Рудный қаласының бау-бақша кооперативтерінің бірінің төрағасынан 1,1 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 33,3 млн теңге сомасына айыппұл түрінде жаза тағайындалды,- делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.
Келесі мақала
Таразда сотталғандарға "Арт-терапия" жүргізілді
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Өткен жылы санавиация ауылдық жерлерге 1488 рет ұшқан
- авторМағжан Орынбасар
- 13 қаңтар, 2025