Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Халықаралық волонтёрлер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Бүгін әлем бойынша Халықаралық волонтерлер күні аталып өтуде. Осыған орай еліміздегі барлық волонтерді атаулы күнмен құттықтаймын! Көптеген дамыған елдерде волонтерлердің қоғамдағы рөлі ерекше. Соңғы кездері Қазақстанда да бұл үрдістің аясы кеңейіп, қарқынды дамып келе жатқаны қуантады. Оған Мемлекет басшысының 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялауы да тың серпін бергені анық. Соның нәтижесінде көптеген игілікті істер мен нақты жобалар қолға алынды. Жастарымызбен бірге егде жастағы азаматтардың да белсенділігі арта бастады. Әсіресе, пандемиямен күрес кезінде волонтерлердің ел үшін атқарған ерен еңбегін айрықша атап өткен жөн. Бұл – патриотизмнің, қайырымдылықтың және қамқорлықтың жарқын көрінісі. Жалпы, ерікті болу қазаққа жат дүние емес. Асар сияқты көптеген салт-дәстүріміз осы бастамамен үндес екенін бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан алдағы уақытта Қазақстанда волонтерліктің маңызы артып, елімізде еріктілердің қатары көбейеді деп сенемін. Волонтер күні құтты болсын!», - делінген М.Әшімбаевтің Facebook-тегі жазбасында.
Ұқсас жаңалықтар
Ербол Қарашөкеев: «Тойымыз кішігірім асханада өтті»
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 желтоқсан, 2024
Қайсар Бекенов ҚФФ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 желтоқсан, 2024