сәрсенбі, 18 желтоқсан, 2024 21:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

2025 жылы әр балаға қанша ақша беріледі

2025 жылы әр балаға қанша ақша беріледі
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Алдағы жылы Ұлттық қордан әр балаға қанша ақша берілетіні белгілі болды

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылы Ұлттық қордан әр балаға қанша ақша бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Министрдің сөзінше, биылғы 1 ақпанда 7 миллионға жуық балаға 100 доллар 52 центтен есептеп салынды. Ал келесі жылы 3 пайызға инвестициялық өсім болады деп жоспарланған.

Балаларға арналған ұлттық жоба биыл бірінші рет іске қосылды. 1 ақпанда 7 миллионға жуық балаға 100 доллар 52 центтен есептеп салдық. Бүгінде ол доллармен есептеледі. Екіншіден, ол сома қосымша инвестицияланады. Сондықтан ол өсіп отыр. Енді инвестициялық кіріске келсек, биыл біз 2,6 пайызбен санадық. Келесі жылы жалпы 3 пайызға инвестициялық өсім болады деп болжамдап отырмыз. Балалардың санын ескере отырып, 1 қаңтарда 118-120 доллар көлемінде болатын шығар деген болжам бар. Бірақ мұны 1 ақпанға дейін күте тұрайық. Дұрыстап есептеп, айтып береміз,- деді ол.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар