Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Кеншоқын ауылдық округіндегі Сасықбұлақ қыстағынан таңертең Ақсу-Аюлы ауылы бағытына жаяу шыққан 1987 және 1990 ж.т. екі адам жолдан адасып қалған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іздеу жұмыстарына жедел түрде ТЖМ құтқарушылары жұмылдырылды. Арнайы техника, ұшқышсыз ұшу аппараты және биллинг деректері қолданылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде адасып қалған азаматтар Сасықбұлақ қыстағынан шығысқа қарай 6 шақырым қашықтықта табылып, Ақсу-Аюлы ауылы жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
ТЖМ құтқарушыларының үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Түркістанда әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам бес жылға сотталды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026
Елімізде
Алматыда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026






