сенбі, 26 шілде, 2025 21:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Төле де, өте бер: Қаржы министрлігі шекарадағы көлік кезегін қалай реттемек

Төле де, өте бер: Қаржы министрлігі шекарадағы көлік кезегін қалай реттемек
Pixabay.com
Бұл өзгерістер автокөліктерге арналған шекара бекеттеріндегі электронды кезекті жүйелеуге және өткізу қабілетін арттыруға бағытталған.

ҚР Қаржы министрлігі көлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрлік түсіндірмесіне сай, құжатта "қолданыстағы тәжірибе барысында анықталған техникалық және рәсімдік кедергілерді жою" көзделген.

Жоба нені қамтиды:

Шекара бекеттерінің маңында күту аймақтарын ұйымдастыруды жергілікті әкімдіктердің міндеті ретінде бекіту;

Арнайы ақылы режим енгізу арқылы жедел және кезектен тыс өткізу тәртіптерін нақты ажырату;

Артықшылыққа ие жүктер (тірі жануарлар, тез бұзылатын, қауіпті тауарлар) үшін бөлек уақыт аралығын (слот) қарастыру;

Фото және деректерді тіркеу, көлік құралын тану, мемлекеттік дерекқорлармен (соның ішінде VIN-код және сақтандыру деректерімен) өзара әрекеттесу тетіктерін нақтылау;

Көп рет броньдауға шектеу қою және уақытты ауыстыру мүмкіндігін кеңейту (процестің ашықтығы мен басқарылуын сақтай отырып).

"Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан түскен өтініштерді ескере отырып, ұсынылған өзгерістер шекарадан өту уақытын жоспарлауда ашықтықты, тәртіпті және болжамдылықты арттырады", – делінген құжат жобасында.

Қоғамдық талқылау 14 шілдеге дейін жалғасады.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар