
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (17-9) Германияның Гамбург қаласында өткен OKTAGON 73 турнирінде тарихи жеңіске жетіп, чемпиондық белбеуді иеленді.
Аса жеңіл салмақтағы бұл бәсекеде ол Грузияның тәжірибелі файтері Бено Адамиге (12-8-2) қарсы шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кездесу толық бес раундқа созылып, төрешілер бірауыздан Жалғасты жеңімпаз деп таныды.
Бено Адами бұл кездесуге дейін қатарынан алты жекпе-жекте жеңіске жетіп, чемпиондық белбеуін қорғауға келген болатын. Алайда, қазақ жауынгері бұл жоспарды бұзып, чемпион атағын жұлып алды.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
16 жастағы қазақ қызы қол күрестен 13 дүркін әлем чемпионын жеңді
- авторСадуақас Айсұлу
- 22 қыркүйек, 2025
Спорт
ҚПЛ-дың VIII-туры: «Қайрат» өз алаңында «Жеңіс» клубымен шеберлік байқасады
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қыркүйек, 2025