Тұман, көктайғақ, боран: Қазақстанда ертең ауа райы қандай болады?
- авторБақытжан Бекболат
- 21 желтоқсан, 2025
- 1
Еліміздің он сегіз облысында 22 желтоқсандағы ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Синоптиктердің болжамынша, тұман, көктайғақ, қар, жаяу бұрқасын және екпінді жел күтіледі. Кей өңірлерде желдің күші 25–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Осыған байланысты тұрғындарға сақтық шараларын қатаң ұстану ескертіледі.
Түркістан облысы
22 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман. Шымкент қ.: 22 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Түркістан қ.: 22 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Атырау облысы
22 желтоқсанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысы
22 желтоқсанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Алматы облысы
22 желтоқсанда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 22 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Қонаев қ.: 22 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
Солтүстік Қазақстан облысы
22 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 22 желтоқсанда түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Ақмола облысы
22 желтоқсанда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Көкшетау қ.: 22 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысы
22 желтоқсанда түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, орталығында аздаған қар күтіледі. Түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Семей қ.: 22 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
22 желтоқсанда түнде Шығыс Қазақстан облысында қар, күндіз облыстың солтүстігінде аздаған қар күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Өскемен қ.: 22 желтоқсанда түнде қар, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Маңғыстау облысы
22 желтоқсанда таңертең және күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Oңтүстік-шығыстан жел соғады облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтау қ.: 22 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с.
Жетісу облысы
22 желтоқсанда түнде Жетісу облысында қар, күндіз облыстың таулы аудандарында аздаған қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрсын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Талдықорған: 22 желтоқсанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
22 желтоқсанда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Орал қ: 22 желтоқсанда түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын. Тұман, көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысы
22 желтоқсанда Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ: 22 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысы
22 желтоқсанда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысы
22 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қостанай қ.: 22 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
22 желтоқсанда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Орал қ: 22 желтоқсанда түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын. Тұман, көктайғақ күтіледі.
Астана
Астана қ.: 22 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысы
22 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 22 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Ұлытау облысы
22 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жезқазған қ.: 22 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысы
22 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 22 желтоқсанда жолдарда көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.




