«Тұман мен қар». Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
- авторМағжан Орынбасар
- 25 қараша, 2024
- 329
«Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында 25 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
— Республика бойынша, желдің күшейуі, түнгі және таңғы уақыттарда тұман күтіледі, — делінген хабарламада.
Астана қаласында күн жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты. Желдің екпіні секундына 2-7 метрге барады. Ауа температурасы күндіз -4°C дейін аяз болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Қалада ауа температурасы күндіз +9°C дейін жылынады. Таулы аудандарда тұман күтіледі.
Шымкент қаласында аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр) түседі. Ауа температурасы күндіз 14°C дейін жылынады. Қатты жел соғады деп болжанды. Кей жерлерде желдің екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін.
Өртенген пәтерден 84 жастағы әже құтқарылды
Ұқсас жаңалықтар
Еліміздегі 4 қалада ауа сапасы нашарлайтыны белгілі болды
- авторМағжан Орынбасар
- 11 желтоқсан, 2024
Енді экология саласында компьютерлік көру және заттар интернеті қолданылады
- авторМағжан Орынбасар
- 10 желтоқсан, 2024