Оқиға Теміртау қаласында болған
Қарағанды облысының өрт сөндірушілері дер кезінде келіп, оқыс оқиғаға тап болған әйелді құтқарды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
— Теміртау қаласы Менделеев көшесі бойында үш қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде қоқыс өртенді. Өртті сөндіру жұмыстары барысында құтқарушылар пәтерден 1940 жылы туған әйелді құтқарып, үйден табылған 1 газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарды. Оған медициналық көмек қажет болмады. ТЖМ күшімен жану толығымен сөндірді, — делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Келесі мақала
Ресей әуекомпаниясының ұшағы өртенді
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Енді экология саласында компьютерлік көру және заттар интернеті қолданылады
- авторМағжан Орынбасар
- 10 желтоқсан, 2024