дүйсенбі, 25 қараша, 2024 12:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ресей әуекомпаниясының ұшағы өртенді

Ресей әуекомпаниясының ұшағы өртенді
Фото: shutterstock
Әуежайдың ұшу-қону жолағы уақытша жабылды

Түркияның Анталья әуежайына қонғаннан кейін, ресейлік «Азимут» компаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағы отқа орынған.  Деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Ресей авиациясы мемлекеттік ұйымының баспасөз хатшысы Артем Кореняко Telegram арнасынf cілтеме жасап.

24 қарашада Ресейдің Сочи қаласына ұшқан Sukhoi Superjet 100 ұшағы Антальяның әуежайына қонғаннан кейін өртенген. 

Кореняко Антальядағы Ресейдің Бас консулдығына сілтеме жасай отырып, апат салдарынан ұшақ жолаушыларының ешқайсысы зардап шекпегенін жеткізді. Лайнер командирі жолаушыларды баллон баспалдақпен эвакуациялау туралы шешім қабылдаған.

Ешкімнің зардап шекпегені туралы ақпаратты әуекомпаниясы да растаған. «Азимут» компаниясы әзірге кері рейске арнап өзге резервтік борт дайындап жатыр. 

Түркия Көлік министрлігінің мәліметінше, ұшақпен 95 адам ұшқан. Анталия әуежайы бортта 91 адам болғанын хабарлайды. Түрік әуежайының апаттық-құтқару тобы кеменің өртенуін тез сөндірген. Түркияның AirportHaber авиациялық порталының мәліметі бойынша, Superjet 100 қозғалтқышы жанған. 

Әуе компаниясының мәліметінше, Superjet қатты жаңбыр мен жел кезінде қолайсыз ауа райында қатты қонғаннан кейін өртеніп кеткен.

Ресейлік «Коммерсант» басылымының жазуынша, тексеру нәтижелері бойынша өртке байланысты Ресей Қылмыстық кодексінің 263-бабы (әуе көлігі қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Айта кетейік, 2024 жылдың 12 шілдесінде дәл осы модельдегі Sukhoi Superjet 100 ұшағы Мәскеу облысының Коломенский ауданында апатқа ұшыраған. Оның бортында жолаушылар болмаған, тек ұшу командасы болған. Стюардессалар мен екі ұшқыш қайтыс болған. 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар