Елімізде
Тұманды ауа райы: жүргізушілерге сақ болу ескертілді
- авторБақытжан Бекболат
- 22 қазан, 2025
- 269
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы мәлімдеді
Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – Ресей шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті) бағытындағы тасжолдың 144–180 шақырым аралығында барлық көлік түріне жылдамдық режиміне уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл шешім қалың тұман мен көрінудің шектелуіне байланысты қабылданды.
Тиісті қызметтер жүргізушілерге жолда аса сақ болып, белгіленген жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Жол жағдайы туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан білуге болады.






