дүйсенбі, 31 наурыз, 2025 16:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі»: Президент тиісті Заңға қол қойды

«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі»: Президент тиісті Заңға қол қойды
pixabay.com
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

Құжатта:

    тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;

    археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;

    тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;

    қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;

    археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;

    мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;

    қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;

    тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;

    мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;

    туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар