"ABAI ULTTYQ MEKTEBI" – Қазақстандағы алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды
- авторjambylinfo.kz
- 3 наурыз, 2025
- 215

Қазақстанда дарынды балаларға арналған бірегей білім беру орталығы – «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» ұлттық мектебі бой көтеруде, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асып жатқан жоба биылғы жылы ашылады деп жоспарлануда.
900 оқушыға арналған білім ордасында заманауи инфрақұрылым қарастырылған. Мұнда оқушыларға арналған интернат, ұстаздар үйі, кітапхана және спорт кешені салынады.
Жаңа мектептің білім беру жүйесі ұлы ойшыл Абайдың философиясына, оның ішінде «бес асыл іс» қағидаларына негізделген. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін «ABAY-Programme» атты кешенді білім беру бағдарламасы әзірленіп жатыр. Ол көптілділікке, зияткерлік дамуға және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Сонымен қатар, мектеп еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орны – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен серіктестік орнатады. Ынтымақтастық аясында «Абай зертханасы» құрылып, ол гуманитарлық білім саласындағы әдістемелік және ғылыми зерттеулер орталығы ретінде қызмет атқарады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз