бейсенбі, 10 сәуір, 2025 14:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркістан облысында марокко шегірткесінің дернәсілдерін алты өңірдің мамандары зерттейді

Түркістан облысында марокко шегірткесінің дернәсілдерін алты өңірдің мамандары зерттейді
Pixabay.com
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бақлан Бекбауовтың төрағалығымен өткен республикалық штаб отырысында айтылды

Биыл шегірткенің таралу аумағы 2,1 млн гектарды құрауы мүмкін. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шегірткеге қарсы қорғау шараларын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 38 млн гектар жер зерттелмек. Жұмысқа 4342 адам тартылады.

Қазірдің өзінде Түркістан және Жамбыл облыстарында шегіркеге қарсы дайындық жұмыстары басталды.

"Марокко шегірткесінің дернәсілдерін зерттеу мақсатында Түркістан облысына Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Абай облыстарынан мамандар жіберіледі. Жалпы алғанда, 12 көлік, 20 аудандық филиал басшылары мен мамандар жұмысқа жұмылдырылады", – делінген хабарламада.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар