бейсенбі, 21 қараша, 2024 23:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркістанда жекеге заңсыз өтіп кеткен 13 млрд теңгенің су арнасы мемлекет меншігіне қайтарылды

Түркістанда жекеге заңсыз өтіп кеткен 13 млрд теңгенің су арнасы мемлекет меншігіне қайтарылды
Көрнекілік. Фото - ашық дереккөзден
Су арнасының жалпы ұзындығы - 13,9 шақырым

Астана қаласы апелляциялық сот алқасының  қаулысымен Түркістан облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының мемлекеттік мүлікті өтеусіз беру туралы шартты жарамсыз деп тану туралы шағымы қанағаттандырылды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Прокуратура дерегінше,  «Қазсушар» Түркістан филиалы  26.06.2023ж. №1 шартпен ұзындығы 13,9 км, құны 13 млрд теңге болатын "Тәуелсіздікке 20 жыл" атындағы су жинау арнасын «СК Парасат» ЖШС-не өтеусіз берген. Прокурорлардың араласуына аталған каналдан ағын су алатын Жетісай және Мақтаарал аудандары кәсіпкер-шаруа қожалықтарының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы негіз болған.

  • Жаңа меншік иесі осы каналды дұрыс пайдаланбай, каналды тазарту жұмыстарын жүргізбеу салдарынан, бөгетті нығайтатын құм шығарылып, нәтижесінде оның беріктігіне нұқсан келген. Осыған байланысты, прокуратураның қадағалау актісі негізінде мүлік тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз ету және дұрыс пайдалану үшін мемлекет меншігіне қайтарылды,- делінген ресми хабарламада.
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар