жұма, 3 мамыр, 2024 17:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Түркістанда жоғалған төрт жасар Әлиханның денесі арықтан табылды

Түркістанда жоғалған төрт жасар Әлиханның денесі арықтан табылды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Түркістан облысының Сарыағаш ауданы Біртілек ауылында жоғалған төрт жасар Әлиханның денесі үйінен екі шақырым жерде, арық ішінен табылған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Баланы іздеуге төтенше жағдай департаменті мен жергілікті атқарушы органдардан және полиция қызметінен  93 адам және 4 техника жұмылдырылған болатын. 16 наурызда үйінен шығып кеткен бала өкінішке қарай суға ағып, қаза тапқаны белгілі болды.

"Іздеу тобы жоғалған баланың денесін үйден 2 шақырым жердегі каналдан тауып, судан шығарып алды", – делінген Түркістан облысы ТЖД  баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар