"Наурызнама онкүндігі": Өнегелі отбасы – ел тірегі
- авторjambylinfo.kz
- 17 наурыз, 2024
- 1.1k
Отбасылық құндылықтарды дәріптеген, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі жанұялардың өмірін, жарасымдылығын, тату-тәтті ғұмырын жастарға үлгі етуді мақсат тұтқан шараға жарты ғасырлық «алтын тойға» жеткен белгілі журналист және қоғам қайраткері Жаңабай Миллионов пен жұбайы Күлбағира Жақсыбаева, бір шаңырақ астында 42 жыл ғұмыр кешіп келе жатқан Қазақстанның Құрметті журналисі Бекет Момынқұл мен жары Айгүл Сәрсенбайқызы және 25 жылдық «күміс тойдың» иелері К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы директорының орынбасары, әнші, сазгер, ҚР Мәдениет саласының үздігі Жандос Омаров мен аяулы жары Лаура Сейіталиева арнайы шақырылды.
Тағылымға толы кездесу барысында қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, түрлі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар шара барысында таяуда шаңырақ көтеріп, отбасын құрып жатқан жастардың неке қию рәсімі орындалды. АХАТ бөлімінің маманы Жансая Дүйсекова Нигметовтер отбасына неке куәлігін табыстаса, екі жасқа Сауранбек Жамалбеков бата берді.
Сонымен қатар Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай пен «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығығының директоры Эльмира Мырза-Ғали жылы лебіздерін арнап, қонаққа шақырылған отбасыларды марапаттады.
Кеш соңы «Анаға тағзым» орталығының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024