Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов ұшақ бортында мас күйінде әдепсіз сөздер айтқаны үшін 5 күнге қамауға алынған, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Сот ұсақ бұзақылық жасаған әзілкештің ісін қарап, шешім шығарған.
"Сотта ол стюардессалардың көрсеткен қызметіне көңілі толмайтынын айтқан. Оларға өз ескертуін білдірген. Ол өзінің әдепсіз сөз айтқаны немесе айтпағаны есінде жоқтығын айтқан. Бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған. Куә (аға стюардесса) құқық бұзушының ұшақ бортында мас күйінде болғанын және әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзғанын растаған. Құқық бұзушының кінәсі куәнің айғақтарымен, жолаушыны полицияға беру актісімен, бейнежазбамен және медициналық сараптама қорытындысымен расталады, – деп жазылған соттың хабарламасында.
Сот айыпталушы Тұрсынбек Қабатовқа қоғамдық орында дөрекі мінез-құлық танытқаны үшін жаза тағайындаған.
Осылайша, әзілкеш ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулікке қамауға алынған.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024