сәрсенбі, 23 қазан, 2024 16:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Төсімнен ұялмаймын»: Баян Алагөзова ашық кеуде, жалаңаш аяқты ұят санайтындарға ақыл айтты

«Төсімнен ұялмаймын»: Баян Алагөзова ашық кеуде, жалаңаш аяқты ұят санайтындарға ақыл айтты
Сурет: Баян Алагөзованың жеке парақшасынан алынды
Танымал продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде өзін үнемі сынап-мінеп, отыратындарға жауап берді

Шоу бизнесте жүргеніне отыз жылдан асқан продюсердің оқырмандарына жолдаған хаты әлеуметтік желіде талқыланып жатыр. Баян Мақсатқызының жасап жатқан еңбегін еш еткендерге қайтарған жауабы оқырмандарын қызықтырды, деп жазады  jambylinfo.kz.

«Мен ешқашан ешкімнің жетегіне ерген емеспін, әрқашан қажет деп ойлаған нәрсені ғана жасаймын. Қанша қиын, ащы, азапты уақыттарды басымнан өткерсем де, әрқашан алға жылжып, сүйген ісім жетістікке апаратынына сендім және сене беремін. Қазір армандарым мен тілектерімнің басқа деңгейіндемін. Дүние тек Қазақстанмен ғана шектелмейді, ол басқа да қанық бояуға толы, мен біздің шығармашылығымыз еліміздің шекарасынан асып, қыздарға, олардың өнеріне шексіз әлем таңданғанын қалаймын. Сіздер мені қанша жерден ластап жатсаңыздар да, «қолыңнан келмейді» деп бетіме бассаңыздар да мен өз қалауымды жасай беремін. Мен архаизмнен алшақпын, өткенмен өмір сүрмеймін, осында және қазір өмір сүремін! Қағидам ұнамай, қанша қараласаңыздар – сонша қуат алып, өз бағытымда биіктей беремін.  Сіздер мені жамандау арқылы өзіме деген сенімімді күшейте бересіздер»,- деген продюсер.

Одан бөлек Баян Алагөзова өзінің омырауы ашық фотосын жариялаған.Ол өз кеудесінің ашықтығынан ұялмайтынын, себебі әйелдің кеудесі де қолы немесе аяқ сияқты дененің бір бөлшегі екенін алға тартқан.

Баян Мақсатқызының жазбасына пікір қалдырғандар екіге бөлінді. Бірінші жақ қандай жағдай болмасын Баянды ақтап алып отыратын фанаттарының ақжарма тілегіне толса, екінші жағы керісінше «мән-мағынасы жоқ шығармашылық, бос әурешілік, ешқандай да шоу бизнес емес, пайдасы жоқ іспен айналысып жүргенін» қайталап айтып жатыр.

Бөлісу:
Құралай Сейсенбекқызы
Автор

Құралай Сейсенбекқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар