Жамбыл облысында сарбаз комаға түсті: Тоқаев мән-жаймен танысты
- авторДиана Орынбасар
- 17 маусым, 2024
- 1.5k
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отардағы әскери бөлімде жүріп, ауырып, комаға түскен солдаттың ісіне назар аударды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды», - деп жазды президенттің ьаспасөз хатшысы Берік Уәли.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда есірткі жасырған ер адам полиция бақылауына алынды
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 желтоқсан, 2025
Байзақ ауданы сапалы ауызсумен 100 пайыз қамтылды
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2025






