сәрсенбі, 3 шілде, 2024 9:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық балалар ертегілер әлеміне саяхат жасады

Жамбылдық балалар ертегілер әлеміне саяхат жасады
Сурет: jambylinfo.kz
Шара балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтті

Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Кітап мұхитындағы аралдар» жобасы аясында «Армысың жаз!» апталығын бастады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ұйымдастырушылар жазғы демалыста балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында әрі өскелең ұрпақ үшін балалар кітапханасының имиджін қалыптастырып, оның маңызы мен қажеттілігін арттыруға талпынды.

Іс-шара «Юнга» кемесіне мінген Капитан Гектор Барбосса бастаған теңіз қарақшыларының келуінен бастау алды. Джек Воробеймен бірге «Қара маржан» қазынасын табу үшін кітап мұхитындағы «Нептун», «Мотунуй» аралдарының викториналық сұрақтарына жауап берді.

Балалар сүйіп оқитын «Су перісі», «Кариб теңізінің қарақшылары» шығармаларының және Уолт Дисней студиясының кейіпкерлері жас теңізшілермен жасырылған қазынаны тауып, түрлі сыйлықтарға ие болды.

Құралай Сейсенбекқызы
Автор

Құралай Сейсенбекқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар