«Таблиғи жамағат» ұйымының идеяларын насихаттаған күдікті ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 10 желтоқсан, 2024
- 279
Атырауда діни-экстремистік идеологияны уағыздаушы ер адам ұсталды, деп хабарлайды
Polisia.kz дерегіне сүйенсек, Атырау қаласында полиция қызметкерлері «Таблиғи жамағат» діни-экстремистік ұйымының идеяларын таратты деген күдікпен ер адамды ұстаған.
Аталған қозғалыс Үндістан және Пәкістан елінен шыққан, идеология азаматтық құқықтар мен міндеттерден бас тарту арқылы үздіксіз миссионерлік қызметке негізделеді.
Ұйым Қазақстанда экстремистік деп танылып, дәстүрлі моральдық құндылықтарға қатер төндіретін ұйым ретінде сот арқылы тыйым салынған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұсталған азаматтың мешіттерде діндар жастармен әдейі кездесіп, үйлеріне шақырып, экстремистік әрекеттерге тарту мақсатында «Таблиғи жамағат» идеологиясын насихаттағаны анықталды. Тұрғылықты мекен-жайын тінту кезінде сот шешімімен тыйым салынған діни мазмұндағы кітаптар мен электронды материалдар тәркіленді. 44 жастағы күдікті бұған дейін де осы экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған.
Экстремизмді жүзеге асыруға байланысты сот шешімімен тыйым салынған діни ұйымды ұйымдастыру және оның қызметіне қатысу белгілері бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Өзге ақпарат тергеу мүдессіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 11 айда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 13,4%-ға артты
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024
Тоқаев энергетиктерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
- авторМағжан Орынбасар
- 13 желтоқсан, 2024