Енді экология саласында компьютерлік көру және заттар интернеті қолданылады
- авторМағжан Орынбасар
- 10 желтоқсан, 2024
- 294
Алдағы бес жылда экология саласында компьютерлік көру, үлкен көлемдегі ақпаратты талдау, спутниктік технологиялар, сондай-ақ көру, заттар интернетінің экожүйесі сияқты заманауи цифрлық шешімдер енгізіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Бұл технологиялар қазірдің өзінде ластаушы заттардың шығарындыларын мониторингтеу, орман өрттерін ерте анықтау, стихиялық қоқысқа ғарыштық бақылау жүргізу, ормандарды шабу және басқа да бағыттарда қолданылады», - деді ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, 29 мемлекеттік қызмет цифрландырылды.
«Биыл ағаш кесу билетін беру мемлекеттік қызметін толық автоматтандыру жүргізілді. Жалпы, ағымдағы жылдың 11 айында 34 353 қызмет көрсетілді, оның 96%-ы электронды түрде ұсынылды», - деді спикер.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 11 айда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 13,4%-ға артты
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024
Тоқаев энергетиктерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
- авторМағжан Орынбасар
- 13 желтоқсан, 2024