бейсенбі, 8 қаңтар, 2026 20:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Талдықорған қаласында өрт шыққан үйден жеті бала құтқарылды

Талдықорған қаласында өрт шыққан үйден жеті бала құтқарылды
Фото: видеодан алынған скрин
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді

Өрт сөндірушілер балаларды тұрғын үйде шыққан өрттен құтқарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Талдықорған қаласы Қаратал шағын ауданында 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Өрт бірінші қабаттағы пәтерде тіркелген, салдарынан кіреберісі тығыз түтінге толды.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖД бөлімшелері келді. Құтқару барысында автосатының көмегімен жоғарғы қабаттағы терезелерден 8 адам, оның ішінде жеті бала құтқарылды.

Зардап шеккендер жоқ. Алдын алу мақсатында құтқарылғандардың барлығы қосымша медициналық тексеру үшін Талдықорған қаласының көп бейінді ауруханасына жеткізілді.

Өрттің себебі анықталып жатыр. 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар