бейсенбі, 8 қаңтар, 2026 20:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Жер сілкінісі": Шыңжаңда төтенше жағдай жарияланды

"Жер сілкінісі": Шыңжаңда төтенше жағдай жарияланды
Фото: Anadolu
Бұл туралы Синьхуа жазды

Қытай билігі сәрсенбі күні таңертең болған 5,2 балдық жер сілкінісінен кейін Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында (ШҰАА) төртінші деңгейлі төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қытай сейсмологиялық желілері орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулері 7 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 3:17–де ШҰАА Ташқорған-Тәжік автономиялық уезінде тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан. 

Ведомство оқиғаға байланысты болуы мүмкін төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды. Аймақтық бөлімшелерге сейсмикалық мониторингті күшейту, жағдайды бағалау және деректерді уақтылы жаңартуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Эпицентрден 10 шақырым радиуста орналасқан аумақ теңіз деңгейінен орташа биіктігі шамамен 4545 метр биік таулы аймақта орналасқан. Қазіргі уақытта құрбан болғандар немесе айтарлықтай залал туралы ресми ақпарат түскен жоқ.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар