Елімізде
«Тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан біржола арылуымыз керек - президент
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 17:06
- 71
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында маңызды мәселені айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«Бұрын да айтқам, қазір де атап өткім келеді: біз «тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан біржола арылуымыз керек. Басқа түскен қайғы-қасіреттің бәрін басқа халықтардан көру, ұлтымыздың маңдайына жазылған ащы тағдыр туралы бітпейтін пікірталастар жүргізу – кешегі күнмен өмір сүру деген сөз. Бүкіл әлем өзгеріп жатыр, бізге де өзгеретін уақыт келді. Біз -болашағы жарқын, жолы ашық жас мемлекетпіз, сондықтан уақыт көшінен қалмай, тек алға қарай жүруіміз керек», - деді президент.





