сейсенбі, 20 қаңтар, 2026 18:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымын бекітуді ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымын бекітуді ұсынды
Фото: Ақорда
Ал мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында Вице-президент институтын құруды және оны Конституцияда тиісті түрде бекітуді ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының мүддесін халықаралық форумдарда, шет мемлекеттердің делегацияларымен жүргізілетін келіссөздерде қорғайды. Сондай-ақ Парламентте президенттің өкілі болады, отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды және мемлекет басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.Вице-президенттің қызметтік өкілеттігіне қатысты осы негізгі ережелер Конституция мәтінінде де көрініс табуы тиіс. Сонымен қатар қазіргі Парламент қызметін қамтамасыз ететін бірқатар аппараттық құрылымдар мен мемлекеттік кеңесші лауазымы қысқартылатын болады. Президент әкімшілігінің функциялары, құрылымы және басқару жүйесі саяси қажеттілікке сәйкес реформаланады. Вице-президент институты көптеген елдерде бар. Біздің жағдайда бұл лауазымды енгізу мемлекеттік басқару процесін тұрақтандырып, билік иерархиясына түпкілікті айқындық енгізеді. Бұл конституциялық жаңашылдық президенттік биліктің әлсіреуін білдірмейді. Керісінше, президент институты мемлекеттік жүйедегі негізгі әрі шешуші рөлін сақтап қалады», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ вице-президентті Президент Парламенттің келісімімен тағайындайтынын айтты.Оның өкілеттіліктерін Мемлекет басшысы айқындайды.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар