Тасып жатқан өзенге өздері кірген - ТЖМ вице-министрі Аягөзде су кеткен екі адам жайлы
- авторИндира Тәліпқызы
- 2 сәуір, 2024
- 664
Қазақстанда трактордың үстінде тұрған екі адамның су ағып кеткен видеосы әлеуметтік желіде тарап жатқанына бір апта болды. Бүгін журналисер Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықовқа осы екі адамның өлімі туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бірақ, Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықовтың ойынша, бұл екі адамның жағдайын "су тасқынынан болған адам шығыны" ретінде қарауға болмайды. Өйткені, Сыздықовтың ойынша, Аягөз ауданында суға кеткен бұл тұрғындар жолды қысқарту үшін тасып жатқан өзенге өздері кіріп кеткен.
«Бұл жағдай су тасқынына байланысты емес. Біз оны дұрыс түсінуіміз керек. Олар жолды қысқарту үшін тасып жатқан өзенге өздері кірген. Түсінесіз ғой? Олар судың ортасында қалмаған. Тракторға отырып, жолды қысқартамыз деп суға кірген. Біз неге бара алмадық? Олардың 10 сағат бойы бізді күткені туралы ақпаратты тексерейік,» - деді Бауыржан Сыздықов.
Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда Аягөз ауданының Қаратал ауылында трактордың үстінде 10 сағат отырып, 2 адам суға ағып кеткен марқұмдардың денесі табылмай жатыр.