Қадір түнінің белгілері жайында Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Қадір түнінде аспан ашық болады. Ыстық та, суық та болмайды. Күн қызыл болып шығады", - деген.
Сонымен қатар "Рамазан оразасына қатысты пәтуалар" кітабынан Қадір түнінің белгілері туралы хадистерді де келтірген. "Тағы бір риуаятта: "Қадір түні тұнық әрі жарық болып, айдың өзі бейне бір нұрға толы болады. Ол түн, суық та ыстық та емес, тыныш та жайлы болып, таң атқанша жұлдыздардың ағып түсуіне тыйым салынады. Бұл түннің тағы бір белгісі, таңертең күн сәулесі, толған ай секілді түзу болып шығады әрі шайтандарға күнмен бірге жарыса шығуларына рұқсат етілмейді" деп сипатталған.
Қадір түнінің сипаты туралы келесі бір хадисте "бұлт та, жаңбыр да, жел де болмайды..." делінген