жексенбі, 5 мамыр, 2024 12:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

«Телехикая» тәрізді созылған Бишімбаевтың соты қашан аяқталатыны белгілі болды

«Телехикая» тәрізді созылған Бишімбаевтың соты қашан аяқталатыны белгілі болды
Коллаж: jambylinfo.kz
Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысының жүріп жатқанына шамамен 1 ай болды

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты қашан аяқталатыны белгілі болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысының жүріп жатқанына шамамен 1 ай өтті.  Қазір өазақстандықтар сот процессін онлайн режимде жіті бақылап, соттың қашан аяқталатынын күтіп отыр. Бұл сұраққа жәбірленушілер тараптың адвокаты Жанна Оразбақова инстаграм әлеуметтік желісінде жауап берген. 

«Қоғамда қызу талқыланып жатқан сот процессін мамыр айының басында аяқтаймыз деп отырмыз. Сот процессі шарықтау шегіне таяп қалды. Біз де, бүкіл қазақстандықтар да,  тіпті, әлем халқы да соттың әділ шешім шығаруын, қылмыскер лайықты түрде жазалануын күтіп отыр",-деді Жанна Оразбақова.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қараша БАҚ пен әлеуметтік желіде бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы сабап, өлімші күйге жеткізді деген күдікке ілінген. Оқиға Астана қаласындағы «Bau» мейрамханасында болды.

 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар