“Әйелде кеткен гонорар”. Октагонда нәзік жандыны тепкен спортшы кешірім сұрады
- авторМағжан Орынбасар
- 23 сәуір, 2024
- 824
Аталған жекпе-жекте армяндық жауынгер Аркадий Осипян бірінші раундта жеңіске жетті. Жеңілген Әли Хейбати қарсыласына белгісіз себеппен жұдырық жұмсаған. Осылайша “істі жайғауға” қауіпсіздік қызметі кіріскен.
Бұдан кейін де базары тарқамаған рәсімнің “сәнін кіргізген” спортшы Нәби Нәбиев жеңісті қанжығалаған Осипянды осып жіберген. Бұл жолы бейбастаққа турнирдің басқа да қатысушылары араласқан.
Ал, октагонда жеңіске қолы жетпеген Хейбати ринг-бикештің жұмсақ тұсын аяқпен жігерлене тепкен. Қызды-қыздымен жасалған әрекетті ирандық спортшы неліктен жасағанын түсіндірген. Тіпті бұл ісі үшін кешірім сұраған. Алайда, промоушн жауынгердің “жаужүрек” әрекетін жете бағалап, жекпе-жектен түскен гонорарынан айырған. Жекпе-жек шеберінің бұйырмаған ақшасы ринг-бикешке берілген.
Ұқсас жаңалықтар
Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024