Елімізде
Тележүргізуші Руслан Өтепбай жеке өміріндегі қуанышты хабарын айтты
- авторИндира Тәліпқызы
- 2 шілде, 2024
- 1.9k
Ол жақында жалғыз қарындасын ұзатпақшы
Белгілі отандық тележурналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі оқырмандарына жалғыз қарындасын ұзатқалы жатқанын айтып, сүйінші сұрады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Оның айтуынша, қазір ол тойдың дайындығына білек сыбана кіріскен.
«Мен үйдің үлкенімін. Менен кейін қарындасым бар. Бір айдан бері жалғыз бауырымның ұзату тойына дайындалып жүрмін. Қыз беру екі мағынада да қиын екен. Алғашқысы қимастық болса, екіншісі жауапкершілік. Маңыздысы да осы болар. «Үйдің көркі қыз бен жасау» демекші қыз жасауын алып жүрмін»,-деп жазды ол.
Ал әлеуметтік желі қолданушылары Руслан Өтепбайдың әулетінде болып жатқан қуанышқа ортақтасып, тілек білдірген.
Келесі мақала
Қазақстанға Си Цзиньпин келді
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Елімізде 12 мың шақырым жол-құрылыс жұмыстары жүргізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 26 желтоқсан, 2024