жексенбі, 26 мамыр, 2024 10:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Президенттің құттықтауын Ақорданың ресми сайты жариялады

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Өз құттықтауында Тоқаев қазақстандықтарға бақ-береке мен толағай табыс тілеген.

"Қадірлі отандастар! Баршаңызды Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! Бұл – мұсылман қауымының ерекше ықыласпен қарсы алатын ұлық мерекесі. Қасиетті Рамазан айында жұрт адамгершілік құндылықтарға баса мән береді, рухани тазаруға ұмтылады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қайырымдылық көрсетеді. Отыз күн оразадағы сабыр мен қанағатқа негізделген игі амалдың бәрі Айт мерекесінің шынайы болмысын айшықтай түседі. Ата дініміз адамзатты татулық пен тыныштыққа, қамқорлық пен мейірімділікке, жанашырлық пен жасампаздыққа үндейді. Адал еңбек етіп, адал табыс табуға шақырады. Мұның барлығы, түптеп келгенде, бүкіл еліміздің ырысты ынтымағын арттыруға ықпал етеді. Халқымыздың салт-дәстүрі Ислам дінінің, Рамазан айының және Айт мейрамының ұлағатымен ұштасып жатыр. Бұл сабақтастық берекелі бірлігімізді нығайтып, әділетті қоғам құру жолында маңызды рөл атқарады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Айт қабыл болсын, ағайын!", - деп жазылған президенттің құттықтауында. 

Айта кетейік, бүгін, 10 сәуір күні мұсылман қауымы отыз күн оразадан кейін Айт мейрамын тойлайды. Мереке үш күнге жалғасады. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар