дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 9:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

"Менің ақ Димашым". Ақтөбеліктер Димаш Құдайбергенге жаппай алғыс айтып жатыр

"Менің ақ Димашым". Ақтөбеліктер Димаш Құдайбергенге жаппай алғыс айтып жатыр
Сурет ашық дереккөзден алынды
Димаш Құдайберген су тасқынына байланысты өзінің туған жері Ақтөбе өңіріне барды

Қазақстанның Халық әртісі, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбе өңіріне барып, су тасқынынан зардап шеккен адамдармен жолыққан, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұл туралы әнші өзінің instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды. Әнші сонымен қатар, гуманитарлық көмекті үйлестіріп жатқан еріктілермен жолыққан. 

"Бүгін Ақтөбеге келіп, судан зардап шеккен тұрғындарымен кездестім. Оларға қиындықты еңсеруде мықты болуға шақырып,күшіміз бірлікте екенін айттым. Сонымен қатар, қалада ашылған гуманитарлық көмекті үйлестіру орталығына барып, волонтер жастармен кездесіп алғысымды білдірдім", - деп жазды Димаш Құдайберген. 

Әншінің бұл жазбасына Қазақстан халқымен қатар, оның шетелдегі фанаттары да қолдау білдіріп, қиын сәтте туған жеріне барған Димашқа алғыс айтып жатыр. Әсіресе, Ақтөбе тұрғындары Димашқа ыстық ықыластарын жеткізіп, "менің ақ Димашым", "біздің Димаш", "біз сені жақсы көреміз" деген тілектерін жазған. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Қазақстандағы қандай өнер иелері су тасқынынан зардап шеккен адамдарға қаржылай қолдау көрсеткенін жазған едік. 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар