жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

UEFA Қазақстан футбол федерациясына айыппұл салды

UEFA Қазақстан футбол федерациясына айыппұл салды
Canva
Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) Қазақстан футбол федерациясын қыркүйек айында өткен матч нәтижелері бойынша тәртіп бұзғаны үшін жазалады.

Бұл шешім 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанның жастар құрамасы (U-21) мен Англия командасы арасында өткен ойынға қатысты шығарылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кездесу 8 қыркүйекте Ақтөбе қаласында өткен болатын.

UEFA-ның тәртіптік комитеті ҚФФ-ны екі тармақ бойынша жауапты деп таныды:

жанкүйерлердің алаңға шығуы үшін — 1 250 еуро;

матчтың кеш басталғаны үшін — 7 500 еуро.

Жалпы айыппұл сомасы 8 750 еуроны, яғни шамамен 5,5 миллион теңгені құрады.

Айта кетсек, аталған ойында Англия құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар