сәрсенбі, 15 қаңтар, 2025 5:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үйінде «кастет» сақтаған тұрғын сотталды

Үйінде «кастет» сақтаған тұрғын сотталды
фото - ашық дереккөзден
Ол суық қаруды интернеттен сатып алды

Көкшетау қаласының тұрғыны кастетті сақтағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Көкшетауда «кастет» суық қаруын заңсыз сақтаған азаматына қатысты үкім шығарылған. Ол интернеттен «кастет» сатып алып, оны полиция қызметкерлері ұстағанға дейін өзімен бірге алып жүрген.

  • 2024 жылдың 17 желтоқсанында сот оны 90 сағаттық қоғамдық жұмыстарға соттады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Қала прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 287-бабына сәйкес суық қаруды заңсыз алып жүру немесе өткізу, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру үшін қылмыстық жауаптылықтың көзделгенін ескертеді,- делінген хабарламада.
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар