Елімізде
Қытаймен келісім: Трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселесі қалай шешіледі
- авторМағжан Орынбасар
- 19 тамыз, 2024
- 453
Балқаш көліне 12 млрд текше метрден астам су жіберілді
Қазақстан мен Қытай екі ел арасындағы трансшекаралық өзендердің суын бөлу мәселесі бойынша үкіметаралық келісім жобасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің дерегінше, екі мемлекеттің мамандары кіретін бірлескен жұмыс тобы құжатты әзірлеумен айналысады. Келісім жасаудағы негізгі міндет Балқаш көлін қалыпты деңгейде сақтауға кепілдік беретін су көлемінің түсуін қамтамасыз ету болып табылады.
«Министрлік Балқаш көлін қажетті су көлемімен қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөледі. Жыл басынан көлге 12 млрд текше метрден астам су жіберілді», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024