бейсенбі, 9 мамыр, 2024 8:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Қыз зорлығы бойынша сотталған фотограф Айсәуле Бақытбекті суретке түсірген

Қыз зорлығы бойынша сотталған фотограф Айсәуле Бақытбекті суретке түсірген
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы актриса әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

Бірнеше күн бұрын Алматыда қыз зорлау фактісі бойынша 5 жылға сотталған фотограф Азамат Кенжеғұлов елімізге танымал адамдарды суретке түсіргені анықталды. Оның ішінде, актриса әрі блогер Айсәуле Бақытбек те бар, деп жазады jambylinfo.kz.

Актриса бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасына жазып, фотографпен біраз уақыт бұрын келісімшартты тоқтатқаннын айтты.

«Адам зорлағандар түрмеде отыруы керек. Элина мен оның командасын жеңісімен құттықтаймын. Мен Азаматпен бұл адам шошырлық оқиғалар болмай тұрып жұмыс істегемін. Бірақғ ең соңғы түсірілімнен кейін ішімде бір ой маза бермей, онымен жұмысты тоқтаттым. Сондықтан, қыздар, жүректеріңізді тыңдаңыздар», - деп жазған Айсәуле Бақытбек.

Айта кетейік, Азамат Кенжеғұлов 2023 жылдың 8 наурызы күні танысы Элина есімді арудың мас күйін пайдаланып, пәтеріне апарып зорлады деген күдікке ілінген болатын. Жәбірленушіні бұл туралы әлеуметтік желіге жазып, істің жүрмей жатқанын айтқан соң іс қоғамда резонанс тудырды.

Бірнеше күн бұрын Азамат Кенжеғұлов бес жылға сотталып, ол жұмыс істеген Esquire басылымы мәлімдеме жасаған болатын.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар