Елімізде
"Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған": Шымкентте екі адам қамауға алынды
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2025
- 203
Жалпы қылмыстық табыс 93 млн теңгеден асқан
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті заңсыз онлайн-ойын бизнесін ұйымдастырған адамдар тобының әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Күдіктілер екі жыл бойы «TauBrat» парақшасы арқылы TikTok және YouTube платформаларында тікелей эфирлерде «Тринька» атты заңсыз құмар ойын өткізген.
- Қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыру үшін олар банктік карталар рәсімделген «дроптарды» пайдаланып, ақша қолма-қол шығарылған. Жалпы қылмыстық табыс 93 млн теңгеден асып, сол қаражатқа күдіктілер Hyundai Sonata автокөлігін және тұрғын үйі бар жер телімін сатып алған. Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Екі күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Еліміз бойынша 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы қандай
- авторМағжан Орынбасар
- 10 қаңтар, 2026






