Жаңаөзенді су басты деп байбалам салған тұрғын айыппұл арқалады
- авторjambylinfo.kz
- 7 сәуір, 2024
- 788
Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттуков жалған ақпарат таратқан азамат жауапкершілікке тартылғанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Прокурордың сөзінше, кейбір тұлғалар қасақана мүлдем шындыққа жанаспайтын ақпараттарды, бейне және аудиожазбаларды таратып жатыр екен.
"Владислав есімді азамат "Жаңаөзен қаласын су алып жатыр" деген жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 73 мың теңге айыппұл салынды", - дейді өңір прокуроры. Жағдай оңай болмай тұрғынын айтқан прокурор халықты тек ресми ақпаратқа сенуге, "пендешілік жасамай, заңды сақтауға шақырды".
Еске салайық, 6 сәуірде халыққа үндеуінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпарат таратпау керегін айтқан.
Автор: Дамир Қанатов
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасарын қызметінен босатты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024