жексенбі, 26 мамыр, 2024 10:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Пейішке" билет жоқ: Рекордтарды бұзып жатқан қырғыз фильмі неліктен көрермен көңілінен шығып жатыр?

"Пейішке" билет жоқ: Рекордтарды бұзып жатқан қырғыз фильмі неліктен көрермен көңілінен шығып жатыр?
фото - ашық дереккөзден
Шыққанына бірнеше апта болса да бұл кинотуындыны көруге келушілер саны азайған жоқ. Тіпті кинотеатрларда билет тапшы. Әр сеанста зал толы көрермен эмоциясына еріп беріп, көзіне жас алып жатады. Қырғызстандық туындының қалың көпшілікке мұншалықты өтімді болуының себебі белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Кино сарапшылары «Пейіш» фильмінің көреремендерге мұншалықты әсер етуін қасиетті ораза айымен тұспа-тұс келуімен байланыстырады. Өйткені, ерекше оқиғаға негізделген фильм әр адамның бойындағы анаға деген құрметін, махаббатын арттырады. Қасиетті айдың да негізгі миссиясы адамдарды жаман әдеттерден тыя отырып, мейірімділік, қамқорлық секілді секілді қасиетін еселеу. Ал, туындыны тамашалағандардың сөзіне сенсек, қасиетті айда көрген бұл фильм көп адамның жүрегіне жылылық сыйлап, жақсы ой салған.

Айта кетейік, қазірдің өзінде киноны көремін деушілер бірнеше күн бұрын билет алып қана бара алады. Өйткені, көрермен толассыз келіп жатыр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар