сәрсенбі, 11 ақпан, 2026 10:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңбыр, қар, аяз: ІІМ жүргізушілерге ескерту жасады

Жаңбыр, қар, аяз: ІІМ жүргізушілерге ескерту жасады
istockphoto.com
Жолдардың қазіргі жағдайы туралы жедел мәліметті әлеуметтік желілердегі ресми парақшалардан және “112” қызметінің хабарламаларынан алуға болады.

Ведомствоның дерегіне сәйкес, республика бойынша 20-дан астам жол бөлігінде қозғалыс уақытша тоқтатылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Атап айтқанда, Абай, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеулер қойылған.

ІІМ өкілдері жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескере отырып жылдамдықты реттеу, алдыңғы көлікпен арақашықтықты сақтау, қажет болған жағдайда апаттық белгі шамдарын жағу керектігін ескертеді. Сондай-ақ күрделі метеожағдай кезінде артық маневр жасаудан және жолақ ауыстырудан бас тарту ұсынылады.

Мамандардың айтуынша, аса қажеттілік болмаса, алыс жолға шығуды кейінге қалдырған дұрыс. Егер сапарды шегеру мүмкін болмаса, бағытты алдын ала жоспарлап, көліктің техникалық жай-күйін мұқият тексеру қажет. Уақтылы қабылданған сақтық шаралары жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға сеп болады.

Ішкі істер министрлігі жол қауіпсіздігі әрбір адамның жеке жауапкершілігі екенін тағы да еске салды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар