сейсенбі, 6 мамыр, 2025 4:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жалған құжат ұсынған»: Ұлттық банк ескерту жасады

«Жалған құжат ұсынған»: Ұлттық банк ескерту жасады
Ұлттық банктің ресми сайтынан
Өйткені, алақтықтың жаңа схемасы пайда болған

Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтардың ҚҰБ-тың ресми бланкісін қолданып, жалған құжат ұсынған жағдайлар жиілеп кеткенін ескертеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ұлттық Банктің атынан байланысқа шыққанда олар азаматтарға "кредиттік шоты" барын немесе кредит қарызын өтеу керек екенін хабарлап, жалған хат жібереді.

"Сенімге кіру үшін жалған құжаттарға Ұлттық Банктің "уәкілетті тұлғасы" қойған қолын, аты-жөні мен мөрін басады. Қаскөйлер мұндай жалған мәліметтерді азаматтарға ақша аудартып, қаражатын ұрлау үшін де ұсынады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, олар Ұлттық Банк қызметкерінің бет-бейнесін қолдана отырып, жалған бейнероликтер жасау үшін жасанды интеллект технологияларын пайдаланады. Бұл ретте алаяқтар әлеуметтік желілерде жалған инвестициялық компаниялар туралы және ұрланған ақшаларды қайтару жөнінде тегін заңгерлік көмек көрсетеміз деп жарнама орналастырып жүргені айтылды.

"Осыған байланысты Ұлттық Банк азаматтарды қырағы болуға, күмәнді шоттарға ақша жібермеуге, дәйексіз хабарламалар мен тексерілмеген құжаттарға сенбеуге шақырады. Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, азаматтарға кредит берумен айналыспайтынын, заңгерлік қызмет көрсетпейтінін, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырысу жүргізбейтінін еске саламыз", - делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар